Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан тұрғыны таңғы бесте үйге түскен ұрыны ұстауға көмектесті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанның Сембинов көшесінің тұрғыны таңғы бес шамасында пәтер терезесінен күдікті ер адамдарды байқап, ұрыларды ұстауға көмектесті деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан тұрғыны үй ұрыларын құрықтауға көмектесті
Көрнекі сурет: realty.rbc.ru: UGC

Шақырту бойынша жеткен полицейлер ұрыларды қылмыс үстінде ұстаған.

Ер адамдар пәтерді сәйкес кілт таңдау арқылы ашыпты. Олар LG маркасының теледидарын және ұялы телефонды алып, шығып бара жатқан жерінде құрықталған.

Тұтқындалған азаматтар бұрын істі болған 33 және 32 жастағы қала тұрғындары болып шықты.

"Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абатысына тоғытылды.

Нұр-Сұлтан тұрғыны үй ұрыларын құрықтауға көмектесті
Фото: Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі: Facebook

Нұр-Сұлтан полицейлері белсенді азаматтық ұстанымы үшін Асылбек Жабағынға алғыс білдіріп, мақтау қағазын табыстады.

Жыл басынан бері 200-ден аса азамат елорда полицейлерінен алғыс алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798024-nr-sltan-trgyny-j-rylaryn-kryktauga-kmektesti/

pixel