Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйленген соң "180 градусқа" өзгерген азаматтың әйелі не істерін білмей жүр

Опубликовано:

Үйленгеніне бір ай өтпей жатып 180 градусқа өзгерген азаматтың әйелі не істерін білмей жүр. Кеше ғана қол ұстасып жүрген сүйіктісі бүгінде басқа адамға айналып, Шырынды қадағалаумен ғана бас қатырады деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: vimaru.ru
Көрнекі фото: vimaru.ru: Facebook

Қыз күнінде бір үйдің ерке қызы болған Шырын мұндай қиындыққа кезігемін деп ойламаған да екен. Ол тұрмыс құрған соң жұбайы Сырымның күрт өзгеріп, өзінің киімін, отырысы мен сөйлегенін ұнатпайды деп күтпеген де көрінеді.

Алайда жұбайы қонаққа барғанда "сөйлемей отыр, дауысың нашар. Көшеде алақ-жұлақ етпей жүр. Көзің жаман" деп құлақ етін жей береді,=.

Мұндай дөрекі ескертулер қыз жанын жегідей жей бастайды. Ол аздай, өзін шексіз сүйеді деген жары үйленгендеріне бір жыл толмай, басқа қыз-келіншектерге көз қырын салатын болыпты. Тіпті, оны Шырыннан жасырмай, ашық жүреді екен.

Шырын күніге кеш асты үнсіз ішеді. Екеуінің арадағы әңгімесі де таусылып, Сырым дастарханнан үнсіз ғана тұрып кетеді.

Тіпті, төсекте де Сырым теріс қарап ұйықтайды. Ал нәзік қолдарымен жұбайын құшақтағысы келген Шырын одан ауыр сөз естіп, түнімен жылайтынын біледі. Сол себепті, теріс қарап жатудан басқа амалы жоқ.

Таңертең күйбең тіршілігін жалғастыратын келіншектің жалғыздықтың кермек дәмін осылай татып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798077-jlengen-so-180-graduska-zgergen-azamatty-jeli-ne-isterin-bilmej-zr/

pixel