Алматыдағы нөсер жаңбыр жұртты шошытты (фото, видео)
Опубликовано:
Алматыда түстен кейін ауа райы кенеттен өзгеріп кетті. Оңтүстік астанада таңертеңнен бастап ысыған күннің соңы қатты дауылға ұласты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/38f6f2a9c5fd3841_w.jpeg)
6 маусым күні сағат үштер шамасында Алматы көшелеріне шығу мүмкін болмады. Қатты нөсер мен күннің күркіреуі, найзағай мен толассыз судан үрейленген халық тасада тығыла тұруды, үйден шықпауды жөн көрді.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/c364d46c662b2812_w.jpeg)
Осы орайда, тосыннан құбылған ауа райына таң қалған алматылықтар қала көшелерінде болып жатқан жағдайды видеоға түсіріп, желіде жариялап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798105-almatyda-katty-zaugan-zabyr-zrtty-sosytty-foto-video/