Головкин қай боксшымен жұдырықтасуды армандап жүргенін айтты
Опубликовано:
Геннадий Головкин қандай жекпе-жек өткізуді арман еткенін айтты. Алайда ол боксшы өз мансабын аяқтаған екен деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

GGG-дің арманындағы қарсыласы кіші Флойд Мэйвезер болып шықты. Спортшы өзінің позициясын көпшілік қолдайтынын айтты.
"Арманымдағы жекпе-жек? Флойдпен кездесу. Ол ақылды жігіт. Мен оны және оның стилін құрметтеймін. Сол себепті, онымен жекпе-жекке шығу арманым. Барлығы мұны қалар еді деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды былғары қолғап шебері.
Головкиннің айтуынша, бокс сүйер қауым жекпе-жек кезінде тым көп қозғалатын аңызға айналған Майвезерге көңілі тола бермейді екен.
Сондай-ақ, GGG кезінде көптеген қарсыластармен күш сынасқысы келгенін, алайда олар өз кезегінде қазақстандық боксшымен рингке шығудан бас тартқандарын айтты.
Айта кетейік, Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегіне тегін билеттер таратпақшы болғаны туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798335-golovkin-kaj-bokssymen-zdyryktasudy-armandap-zrgenin-ajtty/