Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жекежайда еркін жүрген арыстан тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Алматының жекежай аумағында аласа қорғанның ар жағында арыстандар бағып жүр. Қала тұрғындары балалары үшін алаңдайтындарын жеткізді. Бұл туралы іnAlmaty.kzсайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Балабақшаның жанында": Алматы жекежай аумағында еркін жүрген арыстан тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)
Фото:inalmaty.kz: Facebook

Әлеуметтік желілерде ересек арыстан мен күшігінің видеосы жарияланды. Кадрдан жыртқыштың егде жастағы адамның жанында жүгіріп жүргенін көруге болады.

Видео авторының сөзінше, арыстандарды Ремизовка шатқалының "Комильфо" тұрғын үй кешенінің артындаға жекежай аумағында бағып отыр.

"Аңдар айналадағы адамдарға қауіп төндіруде. Қасымыда балабақша бар! Мұны қадағалайтын қызметтер шара қолдансын", - деп жазды автор.

іnAlmaty.kz редакциясы Алматы әкімдігіне сауал жолдаған. Құзырлы органдар жағдайдың мән-жайын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798343-almatyda-zekezajda-erkin-zrgen-arystan-trgyndardy-zresin-syrdy-video/

pixel