Мемлекеттік күзет қызметінің офицері Ресейде әлем чемпионы атанды (видео)
Опубликовано:
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдегі әлем чемпионатында алтынды қанжығасына байлаған Мемлекеттік күзет қызметінің офицерін құттықтады. Нұрсұлтан Бекбатшаев қоян-қолтық ұрыстан сынға түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елбасының құттықтау хатын оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында жария етті.
Сайыс Санкт-Петербург қаласында өткен. Нұрсұлтан Бекбатшаев 40 елден келген 200-ден астам спортшының арасынан әлем чемпионы атанған.
"Қазақстанның беделін биіктетуіңмен шын жүректен құттықтаймын. Спортқа және туған еліңе деген сүйіспеншілігің әрдайым бойыңнан табылып, жастарға жарқын үлгі бола берсін!", - делінген Елбасының құттықтау хатында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798385-nazarbaev-resejde-lem-cempiony-atangan-memlekettik-kzet-kyzmetini-oficerin-kttyktady/