jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түркістан облысында инкассаторларды өлтіріп кеткен күдіктілер іздестірілуде

: UGC

Түркістан облысында Арыс ауданының тұрғындарына зейнетақысын таратпақ болып, 7,5 миллион теңгемен шығып кеткен екі инкассаторға шабуыл жасалды. Полиция бүгінде оқиғаға қатысты іс қозғап, күдіктілерді іздестіруде деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: gamebrott.com
Фото: gamebrott.com: UGC

Оқиға 7 маусым күні кешкі сағат 18:15 шамасында болды.

Арыс полиция бөлімшесіне пошта бөлімінен қаржыларды жеткізу үшін шығып, қайта байланысқа түспей қалған екі инкассатор туралы хабарлама келіп түсті.

Қызметтік көліктің ішінде зейнетақы мен жәрдемақыны төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған.

Оқиға орнына бірден Арыс АПБ-нің жедел-тергеу тобы жетті. Анықталғандай, инкассаторлар белгіленген бағыт бойынша ауылдардың біріне кетіп, белгісіз себептермен байланысқа шықпай қалған.

Полиция қызметкерлері олардың мекен-жайын анықтау мақсатында ауданнан барлық шығар жерлерді, аймақтарды, көшелер мен қиылыстарға қойылған бейнекамераларды тексеріп, куәгерлерден сұрақ-жауап алып, қажетті шараларды атқаруда.

Инкассаторларды іздеуге Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері мен Арыс АПБ-нің полицейлері жұмылдырылды.

Нәтижесінде жедел уәкілдер Арыс қаласынан 5 шақырым жерден тастанды көлікті, ал аудан орталығынан 35 шақырым жерден инкассаторлардың мәйітін тапты.

Қазіргі таңда, аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни 99-бабы "Адам өлтiру" және 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркеуге алынды.

Полицейлер ауыр қылмысты жасаған күдіктілердің тұлғасын анықтау мен оларды құрықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын іске асыруда.

Түркістан облысында инкассаторларды өлтіріп кеткен күдіктілер іздестірілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.