Әли Ахмедов қарсыласын уақытынан бұрын жеңді
Опубликовано:
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласы Маркус МакДэниэлды уақытынан бұрын жеңіп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әли Ахмедов жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтап, қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді.
Кездесудің басында-ақ қазақстандық боксшы өзін еркін әрі сенімді ұстап, нәтижелі соққылар жасады.
Үшінші раундтың ортасында Ахмедов жойқын соққысымен МакДэниэлды нокдаунға жіберді. Нәтижесінде ол жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Америкалық боксшы отандасымызға қарсы ештене көрсете алмаған.
"Өзімді дәл осы жерде көрсете алғаным үшін Геннадий Головкинге алғысым шексіз. Мен жекпе-жекке жақсылап дайындалдым. Менің бұл аренада өнер көрсету арманым орындалды" , - деді отандық спортшы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798505-li-ahmedov-karsylasyn-uakytynan-bryn-zedi/