Бауыржан Байбек сайлауға әйелі мен ұлын ертіп келді (фото)
Жарияланған күні:
Алматы әкімі Бауыржан Байбек сайлауға әйелі және ұлымен бірге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алдымен дауыс беру кабинкасына шаһар басшысы өтті. Оның артынша жары Жанар да өз даусын берді.
Қала әкімі Орбита шағын ауданында орналасқан жалпы білім беретін жергілікті мектептердің бірінде дауыс берді.
"Барша алматылықтарды үлкен мерекемен құттықтаймын. Бүгін сайлау күні. Меніңше, әрбір қазақстандық бүгін өзінің және балаларының болашағының гүлденуі мен тұрақтылығы үшін таңдау жасайды деген ойдамын.
Бүгін мен де өз таңдауымды жасадым. Мен Қазақстанның әлі де реформалар мен даму жолымен жүріп, мемлекеттің одан бетер дами түсетініне сенімдімін. Тәуелсіздік жылдары үлкен жұмыс жасалды. Оны Алматыға қарап-ақ білеміз. Бүгін, Алматының экономикасы жүз есе өсті. Жергілікті халықтың табысы 20 есе өскен.
Бүгін қала халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи шаһарға айналуда. Бүгін далаға шығып, сайлау бөлімшелерінде өз болашағыңа дауыс беріп қайту үшін керемет ауа райы болып тұр.
Тұрақты даму мен мықты Қазақстан, біз өз қаламызды алға тартамыз. Бүгін бізде 80-нен астам халықаралық бақылаушы бар. Барлық әлеуметтік бірлестіктердің өкілдері сайлауда бақылаушы ретінде қатыса алады.
Сол себепті, мен сайлаудың ашық, әділ әрі Қазақстан заңнамасына сай өтетініне сенімдімін" , - деді Байбек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798511-bauyrzan-bajbek-sajlauga-jeli-men-lyn-ertip-keldi-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.