Сайлауда Қосановты елордалықтар қаумалап, жібермей қойды (фото)
Опубликовано:
Қазақстан президенттігіне үміткер Әміржан Қосанов №57 сайлау бөлімшесінде дауыс берді. Кандидат сайлауға әйелі Розамен ертіп келген. Сайлау бөлімшесінің алдында ерлі-зайыптыларды өзге дауыс берушілер мен баспасөз өкілдері қоршап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/64f273f04cda2b93_w.jpeg)
Сайлауға бірге келген ерлі-зайыптылар дауыс беру орнына ұзақ уақыт бойы жете алмаған.
Жол-жөнекей оларды журналистер қоршап, сайлауға қатысты сұрақтардың астына алған.
Артынан басқа дауыс берушілер президенттікке үміткермен суретке түсу үшін кезекке тұрған.
![Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/6f4be3b61a1675d2_w.jpeg)
Үміткер бүгін жеңіске мүдделі екенін жасырмады.
Оған қоса, Қосанов жоқ дегенде президенттік сайлаудың екінші кезеңіне ниетті екенін де алға тартты.
![Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/dc79ec541cfe89dc_w.jpeg)
БАҚ өкілдері Қосановқа дауыс беру сәтінде камераға ұзағырақ қарауын сұрағанда, ол күліп - "Жасанды сияқты болып тұр. Ал енді, құдайға тапсырдым жеңіс үшін", -деген.
![Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/03e67e2c3d5622c6_w.jpeg)
![Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/6e4c1de4065b3c50_w.jpeg)
![Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ Әміржан Қосанов. Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/c0bd968c061993ac_w.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798571-mirzan-kosanov-sajlau-blimsesine-jeli-rozamen-birge-keldi/