Көшербаев пен жұбайы сайлауда дауыс беру үшін кезекке тұрды (фото)
Опубликовано:
Қызылорда облысының әкімі сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді. Көшербаевтың әйелі бюлетень алып, кабинкаға кіру үшін кезекке тұрды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бюлетеньді жәшікке бірінші әкім тастаса, бірнеше минуттан кейін жұбайы салды.
Одан кейін Көшербаев үш жастағы Сарвиназ және оның әжесімен тілдесті.
Қыз бала комиссия өкілдерінен ең жас сайлаушы ретінде естелікке сыйлық алды.

Қызылорда қаласындағы №203 учаскеде астана уақытымен 11-де сайлаушылардың 30 пайызға жуығы дауыс бергені анықталды.
Қазіргі уақытта ереже бұзушылық оқиғасы тіркелмеген.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798582-kserbaev-pen-ony-zbajy-dauys-beru-sin-kezekke-trdy/