Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Беті де ашылмаған": Шымкентте дауыс беруге барған жас келін желіні шулатты

Опубликовано:

Шымкентте беті ақ орамалмен жабылған жас келін сайлау учаскесіне келіп, өз үміткеріне дауыс берді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

"Беті де ашылмаған": Шымкентте дауыс беруге барған жас келін желіні шулатты
Фото: Instagram: Instagram

Беті ашылмаған келіншектің фотосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Желі қолданушыларының мәліметінше, бұл Шымкент қаласындағы Қайтпас шағынауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде орын болған.

Ерекше көріністің фотосын Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та өзінің Instagram парақшасында жария етті.

«Бұл – Шымкент! Жас отау құрған жастар және беті ашылмаған келіншек», - деп жазған қала басшысы.

Ол жас келіннің фотосынан бөлек, сайлау учаскесіне келген жас жұбайлардың да суретін жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798584-beti-de-asylmagan-symkentte-dauys-beruge-bargan-zas-kelin-zelini-sulatty/

pixel