Түркістан облысында қарт кісілер үйден шықпай дауыс берді (фото)
Опубликовано:
Түркістан облысында болашақ президентті таңдау үшін денсаулығына байланысты үйінен шықпай-ақ дауыс берген қариялар баршылық. Осы орайда сайлау учаскесіне келе алмаған қарттардың үйіне жәшікті арнайы апарып, таңдау жасауға мүмкіндік берілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған мүмкіндікке ие болғандардың бірі – Ж. Ералиев ауыл округінің тұрғыны Үрбиша Ералиева. Қарт әжей өз таңдауын жасап, учаске мүшелеріне ақ батасын жаудырды.

Денсаулығына байланысты төсек тартып жатқан Қазыбек би ауыл округі Таубай ата елдімекенінің тұрғыны Қалмырза Күзенбаев та өз таңдауын жасап, дауыс бергеніне дән риза.

Өйткені, қария "Қазақстанның болашағы – менің ұрпағымның болашағы" деп есептейді.

"Түркістан облысы Жетісай ауданында орналасқан 72 сайлау учаскесінде дауыс беру жұмыстары жалғасуда. Әсіресе, ауыл билері мен ақсақалдар бастаған үлкен буын өкілдерінің дауыс беру қарқыны көңіл қуантады", - деп хабарлайды Жетісай ауданының әкімдігі.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798636-trkistan-oblysynda-kart-kisiler-jden-sykpaj-dauys-berdi-foto/