Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таспен ұрып, көзін күйдірген: Нұр-Сұлтандағы наразылықта үш полицей зардап шекті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда наразылық білдірушілердің қолынан үш полицей зардап шекті. Республика даңғылын жауып тастаған бір топ адам елордадағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Нұр-Сұлтанда наразылық білдірушілер полиция қызметкерлеріне қолдарына түскен зат пен тас лақтырып, бұрыштық баллондар пайдаланған.
Нәтижесінде үш полицей жарақат алды. Екеуі тастан зардап шексе, біреуінің көзі баллоннан күйіп қалған", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Мұндай жағдай бүгін, 9 маусымда орын алды. Санкцияланбаған акциялар Республика даңғылында өтті. Бір топ адам көшені жауып, транспорттық коллапс жасауға тырысты.

Қожаев тәртіп сақшылары өздерін тиянақты ұстап, адамдарға ешқандай қорғану құралдарын пайдаланбағанын айтты. Бұл күні ауруханаға барған 12 адамда жарақат емес, "гипертониялық криз" болған.

Сонымен қатар, ол полиция қолынан зардап шеккен және қайтыс болған адамдар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Ал Алматыда өткен акцияда қатысушылардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеген.

Айта кетейік, санкцияланбаған наразылық акциялары Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында Қазақстандағы президент сайлауы күні өтті. Қос қаладан 500- дей адам ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798684-taspen-ryp-kzin-kjdirgen-nr-sltandagy-narazylykta-s-policej-zardap-sekti/

pixel