Бюллетеньдерге қатысты видео Алматыда түсірілмеген болып шықты
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде тарап, ел арасында шу тудырған бюллетеньдерге қатысты видео Алматыда түсірілмеген болып шықты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бейнеролик желіде тарап кеткен соң, оның Алматыдағы №186 мектепте түсірілгені жайлы болжамдар пайда болды.
Басылымның хабарлауынша, бұл тұжырымның анық-қанығын анықтау үшін мектепке бір топ белсенді барған. Олар оқиға орнынан тікелей эфир жүргізген.
Анықталғандай, мектеп аумағында үш сайлау бөлімшесі ашылған. Олардың бірі спортзалда орналасқан.
Бейнежазбадағы кадрларға қарап, видеодағы залдың №186 мектептегі залдан айырмашылығы бар екенін аңғаруға болады. Қабырғада Олимпиада чемпионының суреті жоқ, ал сайлаушылар кабинкасындағы пердешелер мүлде басқа.
Мектеп аумағында орналасқан №516 сайлау бөлімшесінің төрағасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Көріп тұрғандарыңыздай, біздің залда терезелер мүлде басқаша, Ольга Шишигинаның портреті жоқ. Ұқсамайтын тұстар өте көп. Бізде мұндай заңбұзушылық болған жоқ" , - деді Зухра Сихмбаева.
Айта кетейік, бұған дейін ОСК бюллетеньдерге қатысты видеоны зерттеуге уәде бергенін хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798722-bulletenderge-katysty-video-almatyda-tsirilmegen-bolyp-sykty/