"Toqayev wins!": Тоқаевтың жеңісінен кейін желіде видео пайда болды
Опубликовано:
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауда жеңіске жеткен соң оның командасы әлеуметтік желіде видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазба Toqayev Team Youtube арнасында пайда болды.
Ондағы кадрлардан оттан қойылған "Toqayev wins!" және "Жеңіс!" жазуларын байқауға болады.
Видео астында "Exit poll ақпараты-Тоқаевқа 70,13 пайыз дауыс жиналған" деп жазылған.
Айта кетейік, қазіргі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оған 6 504 054 қазақстандық дауыс берген.
Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі айдың ортасында болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798849-toqayev-wins-tokaevty-komandasy-ony-sajlaudagy-zeisinen-kejin-video-zarialady/