Ақтөбеде денесінің 70 пайызы күйген 82 жастағы қария ауыр халде жатыр
Опубликовано:
Ақтөбеде жеке үйлердің бірінің гаражында газ балон жарылып, 82 жастағы гараж иесі мен 24 жастағы көршісі зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға жексенбі күні сағат 11:42 шамасында болған. Өрт сөндіруге 5 техника жұмылдырылған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметіні мәліметінше, өрт 11:58-де толық сөндіріліп, зардап шеккен 82 жастағы гараж иесі мен көршісі ауруханаға жеткізілген.
Дәрігер олардың жағдайы ауыр екенін айтады.

"Жедел-жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне кеше екі науқас түсті. Олар гаражда жұмыс істеп жатқан кезде жарылыс болған. Екуінің де, жағдайы өте ауыр. 82 жастағы науқастың денесі 70 пайызға, ал 24 жастағы жігіттікі 50 пайызға күйген. Екеуі де жансақтау бөлмесінде ем алып жатыр. Жағдайлары ауыр. Есі бар, сөйлеп жатыр. Бірақ күйіктің көлемі үлкен", - дейді дәрігер-травматолог Нұрлан Әбішев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798913-aktbede-denesini-70-pajyzy-kjgen-82-zastagy-karia-auyr-halde-zatyr/