Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда рұқсат етілмеген митингке шыққан әйел адам тамырын кесіп жіберген

Опубликовано:

46 жастағы Вера Белова 10 маусым күні Алматыдағы "Астана" алаңына ереуілге шығып, бүлік шығармақ болған. Полиция қызметкерлері оны сабырға шақырмақ болғанда, әйел адам көпшіліктің көз алдында қан тамырын кесіп жіберген деп хабарлайды Алматы арнасы.

Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv: UGC

Ол тіпті қасына ертіп келген қызының да қолына зақым келтірген. Оқиғадан кейін екеуі ауруханаға жеткізіліп, оларға шұғыл көмек көрсетілді.

Белованың қызына амбулаторлық ем тағайындалды. Ал өзін палатаға жатқызған дәрігерлер оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын жеткізді.

"Жарақаттары терең емес, жай ғана терісі тілінген. Ішкі бұлшық еттері мен қан тамырлары аман. Яғни келіншектің де, қызының да өміріне қауіп жоқ. Жалпы жарақатты қатты ашуға бой алдырғанда жасаған", – дейді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Ермек Желдібаев.

Ақ халаттылар күйзеліске душар болды деп болжаған науқастың жағдайын өз көзімен көруге аудан әкімінің орынбасары келді. Ол Вера Беловамен тілдесіп, шағымын мұқият тыңдады.

"Мен дәл қазір еш жерде жұмыс істемеймін. Өйткені барлығында жалақы төмен. Бұрын бірнеше жерде істеп көрдім, бәрі "көтереміз" деді де, бірақ одан еш нәтиже шыққан жоқ. Содан кейін өз еркіммен кетіп қалдым. Жалпы, өзім құрылысшымын. Егер жалақымды тым болмаса 900 мыңға көтерсе, өз саламда істер едім, өйткені мамандығым ұнайды", – деді әйел адам.

Билік өкілі Вера Беловаға аудан әкімдігі тарапынан барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798971-almatyda-rksat-etilmegen-mitingke-sykkan-jel-adam-tamyryn-kesip-zibergen/

pixel