Елдегі митингтерге қатысқаны үшін 700-ге жуық адам ұсталды
Опубликовано:
Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз үкімет кулуарында журналистердің екі күнде митингке қатысқаны үшін қанша адам ұсталғаны туралы сұрағына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: azattyq.org/ әлеуметтік желілер Фото: azattyq.org/ әлеуметтік желілер](https://cdn.nur.kz/images/1120/a5f8841aa1fc85e9.jpeg)
"Екі қала бойынша (Алматы мен Нұр-Сұлтан-ред) бірінші күні 500-дей адам, екінші күні 200-дей адам ұсталды. Алғашқы күні 400-ге жуық адам жауапкершілікке тартылса, екінші күні олардың саны 150-ге тарта адам болды", - деді ол журналистерге.
Сонымен қатар, ІІМ өкілі Қазақстанның басқа да қалаларында ұсталғандар бар екенін жоққа шығарды.
"Жоқ, мұндай ақпарат жоқ",- деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798984-kazakstandagy-mitingterge-katyskany-sin-700-ge-zuyk-adam-staldy/