"Әрең үлгердім": Елорда тұрғыны дауыс беру үшін велосипедпен 10 сағат жол жүрген (видео)
Опубликовано:
Мұхтар Фархадұлы елордада сайлауға қатысу үшін Ерейментаудан таңғы сағат 10-да шыққан. Ол сайлаудың аяқталуына санаулы уақыттар қалғанда Нұр-Сұлтанға жеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Велосаяхатшы Нұр-Сұлтанға жету үшін 150 шақырым жолды жүріп өткен. Ер адам жолда кездескен қиындықтарға қарамастан, өз таңдауын жасаған.
"Велосаяхаттан келе жатырмын. Дауыс беруге әрең үлгердім. Негізі таңғы сағат 10-да жолға шықтым. Жолда велосипедтің ақаулары болды. Саяхатым қызықты өтті. Жаңбыр жауып, жел соқты.
Дауыс беріп үлгердім. Сайлау аяқталуға санаулы минуттар қалғанда велосипедтің педалін бар күшіммен бастым. Әйтеуір, діттеген жеріме жеттім", - деді Мұхтар Фархадұлы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1798996-re-lgerdim-elorda-trgyny-dauys-beru-sin-velosipedpen-10-sagattyk-zol-zrgen/