Алматыда полиция сот ғимараттарынан "жарылғыш" зат іздеуде (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда бірнеше сот ғимаратынан адамдар эвакуацияланып жатыр. Белгісіз біреу жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оңтүстік астананың қалалық сотының баспасөз қызметі кейбір сот ғимараттарынан адамдарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазіргі уақытта қаланың шұғыл және жедел қызметтері Алматы аумағындағы бірнеше нысанды, оның ішінде сот ғимараттарын тексеруде. Себебі жарылғыш зат туралы ақпарат келіп түскен.
Алғашқы әрекет ету алгоритмі аясында қызмет өкілдері азаматтарды эвакуациялау, көліктерді алу және жарылғыш заттарды іздеу жұмыстарын жүргізуде.
ПД-нің жедел басқару орталығының хабарлауынша, кейбір нысанда тексеру жұмыстары аяқталды, жарылғыш туралы ақпарат расталмаған.
Сонымен қатар Алматы полициясы азаматтарды дүрлікпеуге және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799005-almatyda-sot-gimaratyna-bombalagan-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.