Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларды ұрып тастады": Алматылық мектеп қызметкерлерінің видеосы тарады

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен алматылық мектеп қызметкерлерінің видеосы ел арасында қызу талқыға түсті. Бейнежазба авторы оқу ісінің меңгерушісі мен мұғалім оқушыларды ұрып тастағанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Instagram

Оқиға кеше Алатау ауданындағы №160 мектепте орын алған. Видео авторының сөзінше, бірнеше жасөспірім мектеп маңында қыдырып жүрген.

Аяқ асты оқушылардың қасына мұғалімдер келіп, оларға дөрекі сөйлей бастапты. Оған қоса, ұстаздар жас жеткіншектер мініп келген мопедтерді тепкілеген.

Айта кетерлігі, екі мұғалім де мас күйде болған. Боз балалар болған жағдайды бірден ата-аналарына хабарлаған. Олар оқиға орнынан жетіп келіп, мектеп қызметкерлерінен не болып жатқанын білмек болған.

Zakon.kz мәлімдеуінше, №160 мектеп әкімшілігі бұл оқиғаның орын алғанын растады.

Анықталғандай, екі қызметкер де аталмыш білім ордасында қызмет ететін болып шықты. Бірі дене шынықтыру мұғалімі болса, екіншісі оқу ісі бойынша меңгеруші екен.

Мектеп өкілдері мұндай қылықтың ұстаздық еткен адамға мүлде жат екенін алға тартты. Оған қоса, қазіргі таңда екі қызметкерді жұмыстан шығару мәселесі қарастырылып жатыр.

Алматылық полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Кеше арыз түсті. Жергілікті полиция қызметі оқиғаны тексеріп жатыр. Заңнамаға сәйкес, шара қолданылмақ" , - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799078-balalardy-ryp-tastady-almatylyk-mektep-kyzmetkerlerini-videosy-tarady/

pixel