Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда екі күн бұрын жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

Опубликовано:

Теміртауда 49 жастағы балықшының денесі табылды. Ер адам тоғызыншы маусым күні жоғалып кеткен. Оны іздестіру жұмыстарын құтқарушылар іске асырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Теміртау қаласындағы Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, азамат жайсыз ауа райына қарамастан, суға резеңке кемемен құтқару белдемшесіз шығып кеткен.

Оның жоғалып кеткені туралы хабар тоғызыншы маусым күні түсті. Ер адамды іздестіру жұмыстары бірден басталып кеткен.

"Ер адам балық аулауға акваториймен шыққан. Іздестіру жұмыстары кезінде оныншы маусым күні резеңке кеме табылды. Бүгін құтқарушылар азаматтың денесін тапты. Олар өлі денені Самарқандтық су қоймасының маңынан, Ғабиден Мұстафин ауылынан төрт шақырым қашықтықта анықтаған" , - деді басқарма өкілдері.

Құтқарушылар азаматтарды балық ауауға құтқару белдемшесіз және жайсыз ауа арайы кезінде шықпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799114-temirtauda-eki-kn-bryn-zogalyp-ketken-balyksyny-denesi-tabyldy/

pixel