Жарысқа қатысқан шымкенттік жас спортшылар суға кете жаздады (фото)
Опубликовано:
Бадам су қоймасында өткен Шымкент қаласының біріншілігінде үш жасөспірім спортшыны құтқарушылар аман алып қалды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Су спортымен кәсіби айналысып жүрген 16 жастағы жасөспірімнің жағадан 100 метр қашықтықта аяғы тартылып қап, суға бата бастаған.
Қайықтағы құтқару тобы дер кезінде байқап, жас спортшыға көмекке келген.
Арада бір сағат өтпей-ақ 2008 жылы туған қыз бала қауіпсіздік техникасын сақтамай, басқа спортшылармен соқтығысып суға батып кеткен.
11 жасар спортшыны мамандар құтқарып қалды.

Көп ұзамай тағы бір 2007 жылы туған спортшы қыз жүзу кезінде қатты шаршап, суға батып кеткен.
Өзінің күш мөлшерін бағамдай алмаған спортшыны құтқарушылар уақытында байқап, судан шығарып алған.
"Қаншалықты өз кәсібінің майталманы болсаң да, судағы қауіпсіздік ережелерін, қауіпсіздік техникасын үнемі сақтаған жөн", - дейді құтқарушылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799115-symkentte-zaryska-katyskan-zas-sportsylar-suga-kete-zazdady-foto/