Ақтауда жолаушылар автобусы көшенің қақ ортасында отқа оранды (видео)
Опубликовано:
Ақтауда 11 маусым күні, кешкі сағат 21.00 шамасында жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз ьққызметінің мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпепті.
ПАЗ автобусы Burger King кафесіне қарама қарсы бетте, 16 ықшамауданда отқа оранған.

"Қызыл жалын сағат 21:15-те ауыздықталды. Оқиға орнында екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799165-aktauda-zolausylar-avtobusy-kseni-kak-ortasynda-otka-orandy-video/