Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс істегілері келмейді": Сапарбаев көпбалалы аналардың талабы туралы айтты

Жарияланған күні:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәжіліс кулуарында көпбалалы аналардың алғашқы жарна мен несиесіз және кезексіз үй беру сынды талабы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Олар көтеретін ең басты сұрақ- баспана. Біріншіден, олар үйдің кезексіз, екіншіден алғашқы жарна мен несиесіз берілгенін қалайды.
Бірақ, олай болмайды. Барлығы заң аясында жүзеге асуы тиіс. Бізде қарапайым азаматтар кезекте тұр. Сонда біз сол азаматтарға емес, кезекте тұрмаған әйелдерге үй беруіміз керек пе?", - деді ол.

Министрдің ақпараты бойынша, бүгінде елімізде 31 мың көпбалалы жанұя тіркеліп отыр.

"Үкімет өзіне үш жылда оларды пәтермен қамтамасыз ету міндетін алды. Ал пәтері жоқ, жағдайлары нашар әйелдерге келер болсақ, біз оларға демеушілер тартып, жұмыс істеудеміз", - деді ол.

Одан бөлек, сұрақтарға жауап берген Сапарбаев көпбалалы жанұялардың ішінде жұмыс сұрайтындардың өте аз екенін мәлімдеді.

"Біз соны уайымдаймыз. Егер олар жұмыс сұраса, әңгіме басқаша болар еді. Ал олар болса, тек "Бер, бер" дейді. Олай болмайды ғой.
Біз оларға жұмыс ұсынудамыз. Мамандықтары жоқ болса да, "Еңбек" бағдарламасы арқылы мемлекет қаражатына білім алып, мамандық иесі атана алады. Содан соң біз жұмысқа кіруге көмектесеміз. Болмаса, мемлекет шотынан қайтарымсыз грант береміз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799285-zmys-istegileri-kelmejdi-saparbaev-kpbalaly-analardy-talaby-turaly-ajtty/