Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция митинг кезінде жалғызбасты әкені тұтқындағаны үшін кешірім сұрады

Опубликовано:

Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдербаев санкцияланбаған митингтер кезінде оған қатысы жоқ адамдар тұтқындалған жағдайлар болғанын мәлімдеді. Оңтүстік астананың бас полицейі жалғызбасты әке Арман Абдуллахановтың оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original
"Әрине, аса ауқымды тәртіп бұзушылықты тоқтату кезінде оқиға өткен жерде болған азаматтардың полицей автобустарына жеткізілген бірегей сәттері болды. Біз олардың әрқайсысына тексеріс жүргізіп, анықтап болған соң жіберіп отырдық" , - деді алматылық полиция басшысы.

Оның мәліметінше, Арман Абдуллаханов та дәл осындай оқиғаға тап болған. Бапкер болып қызмет ететін жалғызбасты әке үш ұлын бір өзі тәрбиелеп отыр.

"Бұл жағдайға қатысты да бірден анықтау шарасын іске асырдық. Одан кешірім сұрадық" , - деді Күдебаев.

Құзырлы органның басшысы қазіргі таңда оңтүстік астанадағы жағдай жіті бақылауда. Халықтың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шаралар іске асырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799505-policia-miting-kezinde-zalgyzbasty-keni-ttkyndagany-sin-kesirim-srady/

pixel