Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана су арнасы" жұмысшыларының өлімі: Компания басшылығы тұтқындалды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда төрт жұмысшысы қаза тапқан "Астана су арнасы" компаниясының басшылығы тұтқындалды. Мекеменің екі жетекшісі уақытша тергеу изоляторына тоғытылған. Бұл туралы елордалық полиция департаменті басшысының орынбасары Ғазиза Нұрқаева мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Төрт адамның өмірін қыршынынан қиған қайғылы оқиға осы жылдың 23 мамырында орын алған. Ол күні "Астана су арнасының" қызметкерлері сағат 16:00 шамасында сорғы станциясының канализациясына бөлшектеу жұмыстарын іске асырып жатқан. Нәтижесінде, төрт адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілген.

Елордалық полиция қызметкерлері бірден төрт адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Тергеу нәтижесінде, компанияның бірнеше өкілдерінің кінәсі анықталды.

13 маусым күні "Астана су арнасы" компаниясының екі жетекшісін тұтқындады.

Айта кетейік, бұған дейін "Астана су арнасының" төрт қызметкері қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799568-astana-su-arnasy-zmyssylaryny-limi-kompania-bassylygy-ttkyndaldy/

pixel