Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда үш автобустың қатысуымен болған жол апатының құпиясы ашылды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті үш автобустың қатысуымен болған жол апатының алдын ала себебін айтты. Ол кезде автобус жүргізушісі бар жылдамдығымен алдағы автобусқа соқтығысып, бірнеше көлікті соққан еді. Салдарынан 33 адам жарақат алып, бір адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жүрегі ұстап қалған:Нұр-Сұлтандағы жантүршігер автобус апатының құпиясы ашылды
Фото: NUR.KZ: Original
"Алдын ала нұсқа - зерттеу нәтижесінде жүрек соғысының күрт нашарлауының белгісі бар екені анықталды. Бұл ішкі органдар мен мидың қан айналымына әсер етіп - жүргізушінің естен тануына алып келді.
Яғни бұл факт сараптама нәтижесінде расталды. Бұл алдын ала себебі", - деді Нұр-Сұлтан қаласының тергеу басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Мұқанов.

Сондай-ақ ПД тергеудің неге ұзақ жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жол көлік оқиғасы 26 наурызда болған еді.

"Тергеудің ұзақ жүргізіліп жатқаны 33 адам зардап шекті. Оның 7 ауыр жарақаттар алды. Сараптама жүргізу үшін медициналық карталарын алу керек болды, ал олар емдік шарала аяқталғаннан кейін алынады", - деді Мұқанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799683-nr-sltanda-s-avtobuspen-bolgan-zol-apatyny-kpiasy-asyldy/

pixel