Қазақстанда 1 маусымнан бастап жалақыны көтеруге 144 миллиардтан астам теңге бөлінді
Опубликовано:
2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыруға 144 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы, әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды.
Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 млрд.теңге көзделген.
Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құрады.
2019 жылғы 1 маусымнан бастап - 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21% құрады.
Екінші мысал ретінде 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысын ұлғайтуды қарастырамыз. Мәселен, егер 1 маусымға дейін ол 58 984 теңгені құраса, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 76 114 теңгені құрайды, бұл жерде жалақы өсімі – 17 130 теңгені немесе 29% құрайды.
Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799769-kazakstanda-1-mausymnan-bastap-zalakyny-kteruge-144-milliardtan-astam-tege-blindi/