Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі "Ер Тұғырыл" фильмінің режиссері Қасым хан жайлы кино түсірмек (фото)

Опубликовано:

Танымал түрік режиссері Метин Гюнай Отырарда Қасым хан туралы фильм түсірмек. Қазақ көрерменіне "Ер Тұғырыл" фильмінің режиссері ретінде таныс тұлғаны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Отырар қалашығына ертіп барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Метин Гюнай мен Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған топ Отырар жерінде
Метин Гюнай мен Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған топ Отырар жерінде: Original

Министр мен режиссердің Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен руханияттың орталығы атанған көне қала Отырарға жасалған сапардың мақсаты - қазақ хандығы мен тарихы, даңқты батыр Қасым ханның ел болашағы үшін аянбай сіңірген еңбегі жайлы тарихи фильм түсіруді киелі Отырар жерінен бастау, тамыры терең тарихымыз бен батырлар жолын тек Қазақстанға ғана емес дүниежүзіне таныту.

Метин Гюнай ауқымды жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы шақыртуымен қолға алған.

Режиссер жылдың төрт мезгілін де қамти отырып үш жыл ішінде көп сериалы тарихи фильм түсірмек.

Метин Гюнай мен Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған топ Отырар жерінде
Метин Гюнай мен Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған топ Отырар жерінде: Original
"Ер тұғырыл" киносының режиссері Метин Гюнай Елбасының шақыруымен Қазақстанға келіп үлкен жобаны қолға алуда. Қасымхан жайлы киноның сценарийін керемет етіп жазып шықты. Бұл жоба - күрделі әрі ауқымды болғандықтан біз жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Мақсатымыз өнердің барлық саласының жұмыстарын бір жүйеге келтіріп тоғыстыру. Осы ірі жобалардың арқасында көне қалаларымыз Отырар, Сауран, Сарайшықтарды дүниежүзіне паш ету. Аталған ірі жобалармен қатар тарихи орындарға реставрациялық жұмыстар жүргізіледі. Археологиялық қазба жұмыстары арқасында да көптеген деректер табылды. Оларды да танытып, тарихымызды жандандыруымыз тиіс. Тарихымызды шығару арқылы дүниежүзі туристерін Қазақстанға шақыра аламыз", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Әйгілі "Ер Тұғырыл" фильмінің режиссері Қасым хан жайлы кино түсірмек (фото)
Әйгілі "Ер Тұғырыл" фильмінің режиссері Қасым хан жайлы кино түсірмек (фото): Original

Ал Метин Гюнай ата топырағына келгеніне қуанышты екенін жеткізіп, екі елдің тарихы ортақ екенін айтады.

"Тарихи тұлғаның өмірі жайлы түсірілім бастауды қолға алып жатырмыз. Дәл қазір біздің түсірілімге келетін ыңғайлы орындармен танысып жатырмыз.Үлкен іс жасауды жоспарлағандықтан шынайы, тарихи жерлерді қарастырудамыз. Тағы да үш мекен жоспарда бар", - дейді режиссер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799818-jgili-er-tgyryl-filmini-rezisseri-kasym-han-zajly-kino-tsirmek/

pixel