Елордада құрбысының үйіне балкон арқылы кірген қыз бала жұртты дүрліктірді (видео)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан тұрғындары жасөспірім қыздың соңғы қабаттағы балконнан құрбысының үйіне төсек жабындылары арқылы кіргенін видеоға түсіріп алған. Ролик Instagram-дағы Astana_brothers парақшасында жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлер жандарын шүберекке түйіп, қыз баланың үйінен қашқан сәтін бақылаған.
Көпшілік оған "кері қайт" деп айғайлап, райынан қайтармақ болған. Абырой болғанда жасөспірімі балконнан аман-сен түсе алған.
Полиция департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, оқиға 11 маусым күні болған. Қыз баланың анасы кілтті алып кеткен, ал жасөсіріпім қыз құрбысына барғысы келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799906-elorda-trgyndaryn-krbysyny-jine-balkon-arkyly-kirgen-kyz-bala-sosytty-video/