Бақыт Сұлтанов: Жартылай күшпен жұмыс істей алмаймыз
Опубликовано:
Жаңадан құрылған сауда және интеграция министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында артылған үміт пен сенімді ақтау үшін бар күш-жігерін салуға уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ел басшылығының артқан сенімін ақтау үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Дегенмен, мен және менің әріптестерімнің бірде-біреуі де жартылай күшпен жұмыс істей алмаймыз", - деп жазды ол.
Еске сала кетсек, 17 маусым күні Қазақстанда сауда және интеграция министрлігі құрылды. Жаңа министрлік жөнінде қаулыға мемлекет басшысы қол қойған.
Нұр-Сұлтанның бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов жаңа ведомствоның министрі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800129-bakyt-sltanov-zartylaj-kspen-zmys-istej-almajmyz/