Шымкентте еліміздегі тұңғыш 3D жүргіншілер жолағы пайда болды (фото)
Опубликовано:
"Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Қазақстандағы тұңғыш 3D жаяу жүргінші жолағы идеясын іске асырды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.
![Шымкентте еліміздегі тұңғыш 3D жүргіншілер жолағы пайда болды (фото) Шымкентте еліміздегі тұңғыш 3D жүргіншілер жолағы пайда болды (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/7401a08fed99858b_w.jpeg)
Басқарма төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын ол шетелден алған.
Еліміздің үшінші мегаполисіндегі алғашқы ерекше жолақ Төлеген Айбергенов көшесіне салынған.
![Шымкентте еліміздегі тұңғыш 3D жүргіншілер жолағы пайда болды (фото) Шымкентте еліміздегі тұңғыш 3D жүргіншілер жолағы пайда болды (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/ff09a4fb7e4f181f_w.jpeg)
"Шымкент - жол қозғалысы өте қарқынды дамыған қала. Бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер батыста қайғылы оқиғалар санын бірнеше рет қысқартуға мүмкіндік берді", - деді Аюпов.
![Шымкентте еліміздегі тұңғыш 3D жүргіншілер жолағы пайда болды (фото) Шымкентте еліміздегі тұңғыш 3D жүргіншілер жолағы пайда болды (фото)](https://cdn.nur.kz/images/1120/e3e6eb03cb882687_w.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800135-symkentte-elimizdegi-tgys-3d-zrginsiler-zolagy-pajda-boldy-foto/