Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазавтожол" филиалының басшылары 500 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Маңғыстау облысының "Қазавтожол" ҰК" АҚ-ның басшылары бюджеттік қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстаулық «Қазавтожол» филиалының басшылары 500 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ: Original

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері "Қазавтожол" ҰК" АҚ директоры мен оның орынбасарын автожолдардың құрылысы кезінде бірнеше мәрте пара алды деп айыптауда.

Олар орындалған жұмыс туралы құжаттарға кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 6 млн теңге пара алып отырған деп күдіктелуде.

Тергеу нұсқасына сай, аталған топ орындалған жұмыс туралы жалған құжаттарды толтыру арқылы 500 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған.

"Қазавтожол ҰК" АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының басшылары уақытша ұстау абақтысыға қамалды. Бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде. Тергеу амалдары жалғасуда", - деп хабарлады ведомствода.

Күдіктілерге қатысты соңғы үкім сотта шығарылады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800264-magystaulyk-kazavtozol-filialyny-bassylary-500-mln-tege-zymkyrdy-degen-kdikke-ilindi/

pixel