Түркістан облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары пара беру кезінде ұсталды
Опубликовано:
Түркістан облысы Мақтарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары пара беру кезінде ұсталды. Бұл ақпаратты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құрықталған ішкі істер қызметкеріне қол хат арқылы бұлтартпау шарасы туралы санкция берілген.
"Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы және ҰҚҚД қызметкерлерімен арнайы іс-шаралар жүргізу барысында пара беру үстінде Мақтарал АПБ бастығының орынбасары ұсталды.
Қазіргі кезде Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Ал Түркістан облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы осы жайтқа байланысты қызметтік тергеу амалдарын жалғастырып жатыр", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800444-trkistan-oblysynda-audandyk-policia-blimi-bastygyny-orynbasary-paramen-staldy/