Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады

Опубликовано:

КТК телеарнасында қызық түсірілімдер болып жатыр. Соның бірі – биыл күзде жарық көретін "Қарапайым –Ханшайым" атты экстремалды реалити-шоу. Бұл жобаға еліміздің әр түкпіріндегі қыздардан мыңнан астам өтінім түсіпті.

Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Twitter

Тап бүгінгі күні КТК арнасының «Қарапайым –Ханшайым» жобасының түсірілім тобы Алматы, Жамбыл Оңтүстік Қазақстан облыстарының шалғай ауылдарында қаланың ақ саусақ деуге таузымыз бармас – сәнқой қыздарына үйдің таусылып бітпейтін күйбің шаруасын білек сыбантып істеткізіп жатыр.

Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Facebook

Ауыл шаруасына белсене араласқан бірнеше қала қызының эфирден тыс айтылған жеке пікірін ұсынсақ:

"Сән салоны, фитнес, дене күтімі, шопинг, киім таңдау, талғаммен тамақ ішу, диета – әдірәм қалды. Әр түрлі жағдайға лайықтап әкелген киім-кешеккке толы шабадан шаң басып төсектің астында жатыр. Ауылға тек халат пен спорттық киім, кешкі салқында үстіңе іле салатын қалың жемпір ғана қажетке жарады".
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Facebook
"Сонша киімді, биік өкшелі туфлилерімді несіне әкелдім? Бұл жерде жарқыраған киімдерімді, күтім көрген кейпім ешкімге қызық емес сияқты. Мән бермейді. Ауылда қыздардың табиғи сұлулығына назар аударады екен".
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Instagram
"Менің білімім небір оқыған курстарым, өмірдегі орным, қызметім, мансабым ауылда мәнін жоғалтты. Құрбыларыммен анда-санда сөз қылатын әңгімелерімнің тақырыбы туралы бұл жерде ойлауға ұяламын. Өйткені, ауылда ұсақ-түйек, түкке тұрғысыз әңгіме айтуға уақытың болмайды".
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Instagram
"Бұл жерде бәрін қолыңмен жасауға тура келді. Тамақты өзің пісіргенді айтпағанда, суып қалған тамақты от жағып қайта жылытасың. Шаңсорғышты ұмыт. Еденде төселген кілемдерді далаға шығарып қағып-сілкисің. Ыдыс-аяқты жуу үшін тағы от жағып, су жылытасың. Қысқасы, көп қимылдаудың көкесін ауыл көрсетеді екен. Бұл сергек жүріп, бәрін алдын ала ойластырып, пысып-қатып, ширақ болуға үйретеді. КТК арнасының жаңа жобасының арқасында бойым жазылып, сергіп, көп нәрсені үйреніп алдым".
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Instagram
"Ауылдағы күйбің тірлікті, қыруар шаруаны, көп еңбекті талап ететін үй шаруасын істеп, бұл жердегі әйелдердің төзімділігіне, пысықтығына, шыдамдылығына, қарапайымдылығына қайран қалдым. Ықтиятты адамдар екен. Отбасындағы жылулық, бір-біріне деген мейірімділік ерекше. Олардың маған деген ыждаһаттылығы көңілімді босатты. Үлкен мегаполиске тән ырғақпен жүріп-тұрып, туыс-туған, дос-жаранға деген ілтипат сезімді ұмытуға жеттіппіз. Бұл тұрғыда осындай мүмкіндік бергеніне КТК арнасына алғысым шексіз".
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Facebook

Айжан Батырова, КТК арнасы «Қарапайым-Ханшайым» жобасының продюсері:

"Қаланың қыздарын қинап, оларды қара жұмысқа жегіп, ебедейсіз әрекеттерін келеке етіп алмайық деген үрейіміз болғаны рас. Бірақ, бәрі керісінше болды десем артық айтпағаным. Қаланың қыздары өте еңбекқор, ынталы болып шықты. Көз – қорқақ, қол – батыр. Олар үй шаруасына тез бейімделіп, үйреніп алды. Қаладағы өміріміз мәнсіз, мағынасыз өтіп жатыр екен деп қыздар ағынан жарылды. Біздің мақсатымыз да осы еді. Ауыл өмірінің "дәмін татқызып", қарапайым еңбеккерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге құрметпен қарап, ауылдың берекесін сезініп, қазақы тірлікке бір табан жақын болсын деген едік. Түсірілім барысында бірқатар қызық оқиға болды. Оны жаңа маусымда КТК арнасынан тамашалайсыздар".
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Instagram

Бұл не жоба? Реали-шоуда тағы ұрыс-тартыс, қыздардың сөкет, оғаш қылықтарын көрсете ме десеңіз, қателесесіз. Қаланың қызы – ауылға, ауылдың қызы – қалаға! КТК арнасы қыздардың тұрғылықты жерін уақытша айырбастады. Жобада ешкімнің жеке өміріне араласпайды. Ыңғайсыз сұрақтар қойылмайды. Абыройына кір келтірілмейді. Тек ауылда үй шаруасын атқарып, қалада мегаполис тіршілігінің дәмін татып көреді. КТК арнасының «Қарапайым-Ханшайым» атты мейірімді жобасы осы күзде эфирге шығады. Дайын болыңыз, көрермен.

Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады
Қарапайым-ханшайым: Қаланың қыздары біз ойлағандай болмады: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800737-karapajym-hansajym-kalany-kyzdary-biz-ojlagandaj-bolmady/

pixel