Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Сыздықова қатерлі ісікпен қалай күрескенін айтып берді

Опубликовано:

Қоғам қайраткері, ҚР парламенті мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықова онкологиямен қалай күрескенін айтты. Ол Facebook-те өзінің қорқынышты дертіне қалай тойтарыс бергенін баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Бақыт Сыздықова
Фото: Facebook/ Бақыт Сыздықова: Depositphotos

Сыздықованың сөзінше, оған диагноз 2005 жылы Мәскеуде қойылған. Алайда, барлығы одан ерте басталғандықтан дәрігерлер оның екі-ақ ай өмірі қалғанын болжапты.

"Онкологиялық клиникада менің кереуетімнің қасында Астанадан тез арада ұшып келген Роза әпкем жылап отырды",-дейді Бақыт.

Ол сол уақытта басында "Мен және қатерлі ісік-мүлде сәйкес емес" деген ой тұрғанын айтады.

Сол уақытта Сыздықова өз рухани жолын бастаған екен.

"Мен Сара Алпысқызымен еңбектендім. ҚР Бірінші ханымының кітапханасында дұрыс рухани кітаптарды оқыдым. Мен дұғаның, қасиетті орындар дегеннің не екенін түсіндім және көп жағдайларға дұрыс қарай бастадым. Еш қайғырмай, жер бетіне қажет немесе қажет емес екенімді тек Алла Тағала шешетініне кәміл сендім. Мен адам екеніме, барлық дерттен мықты екеніме сенімді болдым", - деп еске алады экс-депутат.

Оның айтуынша, сол уақытта оның өмірінде көп жоспарлар болған. Сыздықова сол кездерде тұрмысқа шығып, бірнеше жауапты қызметте отырған. Ол парламентте, Nur Otan-да, балалар құқығын қорғау бойынша комитетте және КТА-да жұмыс істеген.

"Мен "Астана.kz" КТА командасы чемпион болу үшін барлығын істеуім қажет болды. Оқушыларымды жалғыз тастамауым керек еді", -ейді Сыздықова.

Сыздықова ауыр дерт туралы аз ғана адам білгенін айтады. Сұмдық диагноздан экс-депутаттың күйеуі мен ата-анасы да бейхабар болыпты.

"Мен жұмыс уақытында соңғы күшім қалғанша шыдайтынмын. Ал түскі ас кезінде қатты ауырған соң жұмыс кабинетімдегі диванда тұра алмай жататынмын", -дейді ол.

Дертпен күрескен қоғам қайраткері іс-сапарда қалай жүргенін, форумдарда сөз сөйлегенін, заңдар жазғанын, КТА-ны алға тартқанын және отбасы мен достарын ұмытпағанын еске алды.

"Ең алғаш рет қатты күдік пайда болған кезде мен Мәскеуді таңдадым. Себебі, Қазақстанда дертім туралы біреу білгенін қалаған жоқпын. Барлығын құпия ұстағым келді. Енді бірнеше жылдан соң бұл туралы ашық айтуды шештім", -дейді ол.

Сыздықова қатерлі ісік жастарға көшкеніне алаңдаулы. Ол өз тарихы біреуге үміт сыйлайды деп ойлайды.

Парақшасына 2009 жылғы суретті салған депутаттың сөзінше, осы суретке түскен соң екі айдан кейін дәрігерлер оған емделгенін айтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800788-bakyt-syzdykova-katerli-isikpen-kalaj-kreskenin-ajtyp-berdi/

pixel