UFC-ге алғаш қатысқан қазақ жігіті енді Қазақстанның намысын қорғамақ
Опубликовано:
Аралас жекпе-жектен бірнеше дүркін Қытай чемпионы атанған спортшы Жұмабек Тұрсын енді Қазақстан намысын қорғамақ деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![Фото: prosports.kz Фото: prosports.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/745c034e298a38cc.jpeg)
"Тянь-Шань барысы" лақап атымен халқаралық ММА саласында танылған қандасымыз 22 маусымда Бейжің қаласында өтетін "Kunlun Fight" ережесіз жекпе-жек кешінде өнер көрсететін болады.
Спортшының бапкері Алмас Тұраровтың сөзінше, Жұмабек жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған. Енді ол жарыстарға өзінің тарихи Отанының атынан шықпақшы.
Жұмабек Тұрсынның алдағы жекпе-жектегі қарсыласы қытайлық спортшы Яо Хоңгаң болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800870-birnese-drkin-kytaj-cempiony-atangan-etnikalyk-kazak-endi-el-namysyn-korgamak/