Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күніге қайрап отырады": Енесі үйінен қуып шыққан келіншек үш баласымен далада қалды

Опубликовано:

Енесі үйінен қуып шыққан әйел үш баласымен далада қалған. Өкінішке орай, бауыр еті балаларына жаны ашымаған күйеуі анасының сөзін құптап отырған көрінеді. Бұл туралы келіншектің өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: rublgid.ru
Көрнекі фото: rublgid.ru: Twitter

Үй-күйсіз қалған әйелдің сөзінше, екінші баласының мүмкіндігі шектеулі.

"Мен үш баламен далада қалдым. Енем үйден қуып жіберді. Екінші балам мүгедек. Күйеуім шешесінің сөзінен аса алмайды. Шешесі екі күннің бірінде маған қарап, қайрап отырады.
Енем күйеуіме "ауырып отырмын" деп айтады. Ал күйеуі "егер шешеме бір нәрсе болса, сенің басыңды кесемін" дейді. Сонымен күнде айқай-шу, төбелес. Ақыры үйден қуып шықты. Қазіргі таңда үш баламен далада қалдым" ,- дейді келіншек.

Балаларын жалғыз өзі асырауға мәжбүр болып отырған ана үкімет беріп жатқан 21 мың теңгені де ала алмай отырғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800885-knige-kajrap-otyrady-enesi-jinen-kuyp-sykkan-kelinsek-s-balasymen-dalada-kaldy/

pixel