Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы пара алды күдіктелуде

Опубликовано:

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Маңғыстау криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы мен жедел уәкілінің алдын ала сөз байласуымен адамдар тобында пара алу фактілерін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ведомствоның мәліметінше, олар Алматы – Маңғыстау пойызының бастығы мен бригадирінен жалпы қамқорлығы мен анықталған бұзушылықтарды жасырғаны үшін 120 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Бөлімше бастығына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жедел уәкілдің кінәсін толық мойындауына байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда.

 Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800893-magystauda-kriminaldyk-policia-blimsesini-bastygy-para-aldy-kdiktelude/

pixel