Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-ның алғашқы күні: 3 мыңнан астам түлек тиісті ұпайды жинай алмады

Опубликовано:

12 мыңнан астам түлек ҰБТ-ның алғашқы легіне қатысты. Оның ішінде 3 мыңнан астамы қажетті баллды жинай алмады деп хабарлайды ҚР БҒМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: cursoestudomemorizacao.com.br
Фото: cursoestudomemorizacao.com.br: UGC

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басшысы Әділет Тойбаевтың айтуынша, ҰБТ-ның бірінші легіне республика бойынша 12 772 мектеп түлегі қатысты. Олардың 11 361-і қазақ тілінде, 1411-і орыс тілінле тапсырды.

Бес пән бойынша орташа балл - 74,2-і құрады. Шекті балдан өткендердің саны - 9338, өтпегендер - 3434. Алғашқы күнде 13068 түлек тест тапсырады деп жоспарланған еді.

ҰБТ-2019 қорытындылары @EDU.GOV.KZ bot телеграмында, edu.mail.kz сайтында, сондай-ақ www.testcenter.kz Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланды.

"Ұлттық орталықтың телефон соғу орталығының 8 (800) 080 71 77 тегін нөміріне 105 қоңырау келіп түсті. Негізгі сұрақтар тамыз айында өткізілетін ҰБТ мерзімдеріне және ҰБТ нәтижелеріне қатысты болды", - делінген БҒМ хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800979-bt-ny-algasky-kni-3-mynan-astam-tlek-tiisti-pajdy-zinaj-almady/

pixel