Атыраудың орталығында гүл сататын дүкен түгелдей жанып кетті
Опубликовано:
Атырау орталығында орналасқан гүл сататын дүкен түгелдей жанып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүкеннің өртенген аумағы 90 шаршы метрді құраған.
Ол түгі қалмай өртеніп кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себеп-салдарын, сондай-ақ шығын көлемін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801013-atyraudy-ortalygynda-gl-satatyn-dken-tgeldej-zanyp-ketti/