Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент тапсырмасымен Ақтөбеге барған жаңа министрдің жексенбісі қалай өтті?

Опубликовано:

Ақтөбеге жексенбі күні жұмыс сапарымен келген экология министрі Мағзұм Мырзағалиевті өңірдің бір топ белсендісі күтіп алды. Сирақтан келетін су кешіп ашынған тұрғындар министрден жергіліктің биліктің қолға алған жобасын тоқтатуды талап етті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президент тапсырмасымен Ақтөбеге барған жаңа министрдің жексенбісі қалай өтті?
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Өңірде өзен арналарын кеңейту үшін су жағасындағы ағаштар оталған болатын.

«Бұл жұмыстарды тоқтатпаса 3-4 жылда Ақтөбеде ауыз су да болмайды. Жүздеген жыл бойы өсіп тұрған тал-теректі қырып тастады. Біз ол талдарды бала күнімізден көріп өстік. Енді мынадай бүлінген топыраққа шыбық та өспейді. Табиғатты бүдірді», - деді зейнеттегі эколог Александр Мандыркин.

Жаңа қызметке тағайындалғанына бір апта да болмаған экология министрі су тоғандарын күн астында қалпақсыз аралады.

Сегіз өзенге су жіберілетін су қоймаларын қарап шыққанша жас басшы терлеп кетті.

Үсті-басын шаң басса да министр өңірдің экологиясына шағым айтпады.

Президент тапсырмасымен Ақтөбеге барған жаңа министрдің жексенбісі қалай өтті?
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
«Мен Ақтөбеден ешқандай жағымсыз иіс сезген жоқпын. Сондықтан арнайы тексеру жұмыстары алда жүргізілетін болады», - деді экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Осыған дейін Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған президенттің өзі жағымсыз иіс туралы айтып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Су жаңа министр бұл жайды аңғармапты. Дегенмен Мырзағалиев мырза тұрғындардың өтінішін барынша тыңдауға тырысты.

Министр алдымен қоғам белсенділері мен тұрғындарға сөз берді. Кейін табиғатты қорғау прокуратурасын іздеді.

Жергілікті жауапты мамандарға тапсырма берген министр өңірдегі жағдайды анықтау үшін арнайы топ құрылғанын атады.

Президент тапсырмасымен Ақтөбеге барған жаңа министрдің жексенбісі қалай өтті?
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
«Жұмыстарды тоқтату мәселесі қиын сұрақ. Бірақ мәселе анықталғанша жұмысты уақытша тоқтату керек. Мен бір пікірге келдім.
  • Біріншіден, атқарылып жатқан жұмыс керек жұмыс. 2017 жылғы су тасқынын жақсы білесіздер, жүздеген үйлер су астында қалды.

Жағдай қайталанбас үшін осындай жұмыстар жасалыну керек. Дегенмен халық «Бұл жұмыстар қалай атқарылып жатыр?» деген сұраққа наразылық туғызып отыр.

Біз барлық сұраққа жауап беру үшін арнайы топ құруға тиіспіз. Қоғам белсенділері, мамандармен ақылдасып, нақты бір шешімге келуіміз керек.

Жасыратыны жоқ, Ақтөбе шөлейт өңір. Мемлекет басшысы өңір проблемаларымен жақсы таныс, біледі. Мұнда проблема тек су тасқыны емес.

Алға химиялық зауытының проблемалары, кәріз суларына қатысты сұрақтар бар, жергілікті халық қаладан жаман иіс шығатынын айтуда.

Осылардың барлығын тексеруіміз керек. Айтылған пікірлердің барлығы тыңдалды», - деді экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр деген мемлекет басшысы жаңа экология министріне тапсырма берген болатын.

Өңірдегі экологиялық жағдайға алаңдаушылық білдірген президент мәселені шұғыл түрде шешуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801102-prezident-tapsyrmasymen-aktbege-bargan-zaa-ministrdi-zeksenbisi-kalaj-tti/

pixel