Ақтау Қырымды ығыстырып, ресейліктердің сүйікті демалыс орнына айналмақ
Опубликовано:
Түркия, Грузия, Болгария, Греция, Черногория, Кипрде екі адам 50 рубльге демала алады. Ал Ақтаудағы демалыс ресейліктерге сәл қымбатқа түседі деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Ақтау Қрымды ығыстырып, ресейліктердің сүйікті демалыс орнына айналды Ақтау Қрымды ығыстырып, ресейліктердің сүйікті демалыс орнына айналды](https://cdn.nur.kz/images/1120/3476d80c5aab09cb.jpeg)
Aviasales іздеу жүйесінің сарапшылары теңіз жағалауындағы қалаларға ұшу мен бір апталық демалысты есептеп шығарған.
Қырымда демалудың минималды құны - 53 356 рубль құраған.
Түркияға сапар әлдеқайда арзанға түсуі мүмкін. Мысалы, Мәскеуден Антальяға ұшу 22 382 рубль, ал қонақүй - 9510 рубль құрайды.
Екінші орында - Грузия. Қара теңіз жағалауындағы демалу 36 798 рубльге шығады.
Грецияның Салониктерінде 44 788 рубль, бұл Қырымнан 16% үнемді екен.
Черногорияда 45127 рубльге күнге қыздырынып қайтуға болады. Ал Кипрде 11% үнемдейді екенсіз.
Қырымға баламалық демалыс орындар рейтингін Ақтау қаласы аяқтайды.
Мұнда екі адамдық демалыс 50267 рубль құрайды. Осылайша саяхатшылар 6% ақшасын үнемдейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801169-aktau-krymdy-ygystyryp-resejlikterdi-sjikti-demalys-ornyna-ajnalmak/