"Оның аузын жапқым келеді": Әлем чемпионы Головинді жекпе-жекке шақырды
Опубликовано:
Әлемнің орта салмақтағы уақытша чемпионы Джермалл Чарло Геннадий Головкинмен және басқа да үздік боскшылармен жұдырық түйістіруге ниет білдірді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Боксшының сөзінше, ол 160 фунт салмақта көп еңбектенген. Енді майталмандармен ірі жекпе-жектер өткізгізгісі келеді екен.
"Сабырлы болдым, сондықтан енді үлкен жекпе-жектен үмітім бар. GGG немесе «Канело»? Мен 29 жастамын, олармен жұдырық түйістіруге әзірмін. Олардың ауыздарын жапқым келеді. Себебі 160 фунт — менің дивизионым! Бірақ олар менен қашқақтап жүр. Андраде? Белбеуі бар орта салмақтағы кез келген боксшымен шығуға дайынмын! Менен бекер қашып жүрген жоқ, ақылдымын, күшті, және ірімін", — деп мәлімдеді Чарло.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801179-ony-auzyn-zapkym-keledi-lem-cempiony-golovindi-zekpe-zekke-sakyrdy/