Тоқсан жылдық тарихы бар "Жас Алаш"
Жарияланған күні:
Бірінші нөмірі 1921 жылғы наурыздың 22-і жарық көрген "Жас Алаш" газеті бірнеше саяси режимге куә болған қазақ қоғамымен бірге қилы заманды, түрлі трансформацияны бастан кешіп келеді.
Түркістан коммунистік жастар одағы орталық комитетінің мүшесі, советтік алғашқы жастар газетіне "Жас Алаш" деп ат қойған Ғани Мұратбаев небәрі 23 жасында өмірден озды.
Коммунистік жастардың жаршысы ретінде құрылған газет тәуелсіздік алған соң демократиялық жастардың мінбесіне айналды. "Жас Алаш" әркез жаңашылдықтың үні ретінде қабылданды.
Алғашкы нөмірі шыққан күннен бастап газет қашан да халықтың жағында болуға тырысты
Бұған қазақ коғамымен бірге қилы заманды, тоқырау мен толымды табыстарды да бастан кешкен газеттің басында жастардың тұрғаны да әсер етсе керек. Алғашкы нөмірі шыққан күннен бастап газет қашан да халықтың жағында болуға тырысты.
Қазақ жерінің тұтастығы, мемлекеттік тіл мәселесіне келгенде газет қашанда табандылық танытуымен танылды.
Газет редакторы Рысбек Сәрсенбай, бүгінгі "Жас Алаштың" басты ұстанымы қазақ халқына келер кез-келген қауіп қатерді бұқпай ашық айту, ол үшін керек болса билікпен де ашық айқасу дейді. Дегенмен бүгін мерекелік көңіл басым болды.
Сәлима Ысқақованың "Жас Алашта" жұмыс істегеніне отыз бес жыл. Сейдахмет Бердіқұловтан бастап газеттің алты редакторын көрген Сәлима апайдың әр күні оқырман хаттарын екшелеуден басталады. "Жас Алашқа" хат әлі күнге дейін көп келеді. Жаңару күні дейтін әз наурызда туған күнін тойлайтын "Жас Алаштың" өзі де жаңару мен жаңашылдықтың үні дейді жасалаштықтар.
Сәуірдің сегізі күні газеттің мерейтойына арналған салтанатты концерт өтеді.
Сол жиында газет редакциясы Қажығұмар Шабданұлына көзі тірісінде арнаған "Ұлттық рух" әдеби сыйлығын марқұм жазушының туыстарына табыс етпекші.
Азаттық радиосының тілшісі "Жас Алаштың" тарихы туралы мақаласынан -Газеттің бір ашылып, бір жабылуының астарында алашшыл ұлттық мұраттан әлі де күдер үзе қоймаған қазақ жастарының баспасөзі мен большевиктік биліктің арасындағы астыртын идеялық тартыс жатыр еді. Сондықтан 1927 жылы "Лениншіл жастың" жарық көруін большевиктердің біржола жеңісінің бір көрінісі деуге болады.
Қайролла Ғабжалилов, "Алаш" тарихи зерттеу орталығының президентінің "Жас Алаш" - баба тарих үні" атты мақаласында бұл газеттің атқарып келе жатқан жұмысына жоғары баға берді.
Алаш ұранды, бөрі текті - қазақтың рухын оятқан қазақ басылымдарының алғашқыларының бірі - "Жас Алаш" газеті. Басылым биыл тоқсанға толып отыр. Бұл - бір қараған адамға мерейтой. Бірақ "Жас Алашты" оқып өскен ұрпақ біледі: газеттің шын бағасын. Қоғам біледі: қазақ үшін қылған қызметінің қадір-қасиетін.
Мұхтар ШАХАНОВ "Жас Алаштың" 90-жылдық мерейтойына арналған "Жемократия" мен “жепутаттыққа” күрес ашқан басылым" деп аталған мақаласынан үзінді келтіруді жөн көрдік.
Қазiр қазақ тiлiндегi газет-журналдардың 500-ден асқаны айтылып жүр. Сол басылымдардың қаншасы “ақты – ақ, қараны – қара” деп жаза алады? Бұл жағынан өте ұяттымыз. Бүкiл елiмiзде мүмкiндiгiнше шындығын жоғалтпаған 10-15 басылым ғана бар екенi айқын. Сол басылымдардың бiрi және бiрейгейi, шындығын жоғалтып алмағандар арасында үлкен абырой иеленген “Жас Алаш” үнқағазы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/180118-toksan-zhyldyk-tarihy-bar-zhas-alash/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.