Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тоқаев тиісті өкілдерге тапсырма бергенін Twitter парақшасында мәлімдеді.
"Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деп жазды президент.
Еске сала кетейік, бүгін таңғы 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.
Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801220-tokaev-arystagy-zarylyska-bajlanysty-sgyl-sara-kabyldaudy-tapsyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.