Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыс мектептерінің түлектері ҰБТ бойынша кейінірек аппеляцияға жүгіне алады

Опубликовано:

Білім және ғылым министрлігі Арыста ҰБТ тапсырған барша түлектер жарылысқа байланысты апеляциялық комиссияға кейінірек өтініш білдіре алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, Арыс қаласында ҰБТ-ның 1 пункті бар. Ол қаладығы №1-ші мектепте орналасқан. Ол жерде 21 маусым және 23 маусым күндері ҰБТ өткен.

"Жалпы Арыста 779 бала өтінішін қалдырған еді. Оның 772-сі екі лекпен тапсырды. Кеше, 24 маусым күні сағат 9.00-де Арыс қаласының №1 мектебінде апелляциялық комиссия өз жұмысын бастаған. Алайда әскери бөлімшедегі жарылыстардың салдарынан жұмысын тоқтатты", - деді Тойбаев.

Департамент басшысы төтенше жағдай салдарынан оқушы мен комиссия мүшелері зардап шекпегенін атап өтті.

"Осы қалада министрлік өкілдігінің 12 мүшесі жұмыс істеді. Қазіргі уақытта олардың 12-сі де Шымкент қаласында. 10-ы Нұр-Сұлтан қаласына шығайын деп жатыр.
Комиссия төрағасы сол жерде қалады. Жалпы жағдай тұрақталған соң бұл апелляцияны өткізетін боламыз", - деді Әділет Тойбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801448-arys-mektepterini-tlekteri-bt-bojynsa-kejinirek-appelaciaga-zgine-alady/

pixel