Шымкент өнерпаздары арыстық балақайлардың көңілін көтерді (фото)
Опубликовано:
Шымкенттік өнерпаздар жарылыс салдарынан аумақтан эвакуациялануға мәжбүр болған Арыс балақайларының көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахманов өз Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Шымкент қаласының Мәдениет басқармасы балаларға театр ұйымдастыруда",- деп жазды ол.
Шымкент басшысының бұл жазбасына сүйсінген көпшілік өз алғыстарын білдірді.

"Жылағым келіп кетті. Осындай әкім мен осындай адамдар бар екен. Қуанып отырмын, жақсы болды", "Біз, шымкенттіктер, осындай әкіміміз бар, бақыттымыз", "Балалардың күлкісі бәрінен қымбат", "Әкім мырза, сізге ризамыз", "Әкім қандай, халық сондай, ризамыз сізге", "Жарайсыңдар, бауырлар" деп жазды олар.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801562-symkent-nerpazdary-arystyk-balakajlardy-kilin-kterdi-foto/